Қазақстан Қырғызстан жолдаған нотаға жауап берді

630

Қазақстан Қырғызстан жолдаған нотаға жауап берді

ҚР СІМ Алматы әуежайында қырғызстандықтардың қатаң тексеруден өтуіне байланысты Қырғызстан жолдаған нотаға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде қауіпсіздік шараларын күшейту "ҚР мемлекеттік шекарасы туралы" заңына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын айтады. Қырғызстан азаматтарын сұраққа алу әлемде соңғы кезде террористік актілердің жиілеп  кетуінен болған сақтық шаралары деп түсіндіреді.

СІМ "Сол елдің арнайы қызметтерімен ынтымақтастықта бола отырып,  шетел азаматтарының барлығы бірдей сұраққа алынады" дейді.

Еске салсақ, Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан СІМ-ге нота жолдаған еді. Құжатта айтылғандай, Қырғызстан азаматтары Алматы әуежайында "шектен тыс және қадір-қасиетін қорлайтындай" тексеруден өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу