Қазақстан Қырғызстандағы президент сайлауына бақылаушы болудан бас тартты

1003

Қазақстан Қырғызстандағы президент сайлауына бақылаушы болудан бас тартты

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасы президентінің сайлауына қатысудан бас тартуды шешті, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың жақындағы айтқысыз мәлімдемесінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасы сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының арасындағы өзара түсіністік туралы қолданыстағы екі жақты меморандум шеңберінде жеке субъект ретінде 2017 жылғы 15 қазандағы Қырғыз Республикасы президентінің сайлауына қатысудан бас тартуды шешті, ол туралы қырғыз тарабын хабардар етті.

Бұл ретте Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, ТМД, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМЫҰ миссияларының құрамында, сондай-ақ ТМД, ЕҚЫҰ, түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеяларының тарабынан мониторингті жүзеге асыру үшін 46 байқаушыны жіберіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу