Қазақстан Қырғызстанға автокөлікпен әскери мүлік жеткізеді

756

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды  inbusiness.kz. 

Қазақстан Қырғызстанға автокөлікпен әскери мүлік жеткізеді

Келісімнің шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери мүлікті біздің елдің аумағынан Қырғыз Республикасының Қой-Таш елдімекеніне дейін автокөлікпен жеткізу жөніндегі шығысты қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеу міндеттемесін алады.

Келісім Орта Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ 2 елдің әскери саладағы өзара достық қатынасы мен ынтымақтастығын күшейтуді көздейді. 

Бұл туралы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, сенатор Нұржан Нұрсипатов: "Мемлекеттердің әскери-техникалық көмек саласындағы өзара іс-қимылы әскери ынтымақтастықтың аса маңызды аспектісі болып табылады. Айта кету керек, мұндай келісім 2011 және 2015 жылдары жасалды. Келісім достық пен тату көршіліктің терең дәстүріне негізделеді және әртүрлі салада, оның ішінде әскери салада да жүзеге асырылады. Бұл шара ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті арттырады", – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу