Қазақстан Қырғызстанға көмір экспорттайды

837

Қазақстан Қырғызстанға көмір экспорттайды

"Рассвет компани" қазақстандық компаниясы Бішкек ЖЭО-ға 450 мың тонна көмір жеткізеді. Орталық тағы 550 мың тонна отынды жергілікті жеткізушілерден сатып алады, деп хабарлайды Вnews.kz.

Қазақстандық компания 1 млрд 619,5 млн сомға (шамамен 23 млн 608 мың доллар) 450 мың тонна көмір жеткізетін болады.

Бішкек ЖЭО-ға 500 мың тонна көлеміндегі көмірді жергілікті кен орнынан "Қырғызкөмір" мемлекеттік кәсіпорны бастаған көмір өндіруші кәсіпорындар серіктестігі жеткізбек. Келісімшарт сомасы 1 млрд 370 мың сом. Қалған 50 мың тонна көмір Ташқұмыр кен орнынан тасымалданады.

Қазір отын жеткізу жұмыстары басталып кетті. Күз-қыс айларынан наурызға дейін отын тасымалдау кестесі әзірленді, деп хабарлады мемлекеттік компания өкілдері.

Өткен аптаның соңында қысқы жылыту маусымына дайындық мәселесіне арналған кезекті отырыста вице-премьер-министр Дүйшенбек Зилалиев жекелеген аймақтарда күз айының орта шенінде күн суытатыны болжанғанын ескертті.

"Осыны ескеріп, аймақтарда тұрғындар мен кәсіпорындар қажеттілігі үшін көмір дайындау жұмыстарын қазірден бастау керек", - деді Дүйшенбек Зилалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу