Қазақстан Қырғызстанның алтын кенішінде фабрика салады

914

Қазақстан даму банкі 2 жыл 11 ай мерзімге 37,8 млн АҚШ доллары сомасында банк кепілдігін берді.

Қазақстан Қырғызстанның алтын кенішінде фабрика салады

Қазақстан даму банкі "Жерүй" алтын кен орнында отандық компанияның кәсіпорын тұрғызуы үшін қаржылай қолдау көрсетіп, кепілдік берді, деп хабарлайды abctv.kz.

"ҚДБ Қырғызстанда алтын бөліп алатын фабриканы салу жөніндегі қызметтердің қазақстандық экспортына қолдау көрсетті. Атап айтқанда, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің" еншілес ұйымы болып табылатын "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ы Қырғызстандағы "Жерүй" кен орнында алтын өндіруші фабриканы салу жөніндегі "AAEngineering Group" ЖШС-ның қызметтеріне қатысты 2 жыл 11 ай мерзімге 37,8 млн АҚШ доллары сомасында банк кепілдігін берді", – деп ресми мәлімдеді еліміздің осы жалғыз мемлекеттік банкі.

Оның ақпаратына сенсек, ҚДБ осылайша, "AAEngineering Group" ЖШС-ының тапсырыс беруші, яғни қырғыз тарапы алдындағы міндеттемелерін толық орындайтынын кепілдендіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу