Қазақстан Қырғызстанның ет өнімдеріне уақытша шектеу қойды

1142

Шектеуге көрші елдің 5 кәсіпорны іліккен.

Қазақстан Қырғызстанның ет өнімдеріне уақытша шектеу қойды

ҚР АШМ 12 қазаннан бастап Қырғызстанның кейбір кәсіпорындарының ет өнімдерін кіргізуге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған Қырғызстан Республикасының аумағындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларының анықталғаны себеп болған.

"Осылайша, Қазақстан Республикасына ветеринариялық бақылау және қадағалау өнімдерін экспорттауға құқығы бар 5 қырғыз кәсіпорнына шектеу енгізілді", -  делінген хабарламада.

Шектеу  ОсОО "Риха", ЖАҚ "Кантский хлебзавод", ОсОО "Баркад", ОсОО "Салих ЛТД", ОсОО "Адал-Азык" өнімдеріне қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу