Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қырғыз кондитерлік өнімдерін өндірушілерінің біріне қатысты уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
"Кондитерлік бұйымдарды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын жоюға Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің "Куликовский" кондитерлік үйі" кәсіпорнына қажетті шараларды қолдануы, сондай-ақ кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келетін кондитерлік өнімдерге жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесі негіз болған.
Дегенмен комитет сәйкес келмейтін өнімдердің қаупін азайту мақсатында аталған кәсіпорын өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауды жалғастыратын болады.