Қазақстан – Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі

171

Қырғызстанның ЕАЭО-мен сауда көлемінің 24,3%-ы Қазақстанға тиесілі. 

Қазақстан – Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі Фото: gov.kz

Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 10,5%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, республиканың сыртқы сауда көлемі осы жылдың алғашқы төрт айында 5,2 миллиард долларды құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 27,7%-ға өсті. Бұл ретте экспорт 19,7%-ға, ал импорт 29,2%-ға ұлғайды.

"Қырғызстанның ЕАЭО-мен сауда көлемі осы жылдың қаңтар-сәуір айларында шамамен 1,4 миллиард долларды құрады және өткен жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті. ЕАЭО елдерімен сауданың ең көп үлесі Ресейге — 73,7 пайыз және Қазақстанға — 24,3 пайыз тиесілі", - делінген Ұлттық статистика комитетінің ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу