Қазақстан Қырғызтаннан бірқатар өнімді кіргізуге салынған тиымды алып тастады

916

Қырғыз тарапы Қазақстанға картоп, алма және құрма жеткізуге қойылған тыйымды алып тастау туралы өтініш білдірді. 

Қазақстан Қырғызтаннан бірқатар өнімді кіргізуге салынған тиымды алып тастады

Қазақстан мен Қырғызстан Фитосанитариялық бақылауды күшейту жөніндегі жол картасына қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz

Бүгін Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин үкімет үйінде Қырғызстанның вице-премьері Ж. Разаковты қабылдады. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметтік келіссөздер ҚР вице-премьері Жеңіс Қасымбек пен Қырғызстанның вице-премьері Ж. Разаковтың кездесуі барысында жалғасты.

Үкіметтік келіссөздер қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасындағы фитосанитариялық карантиндік бақылауды күшейту мәселелері бойынша екі елдің фитосанитариялық қызметі арасында жол картасына қол қойылды. Құжатта 17 тармақтан тұратын іс-шаралардың нақты тізімі қарастырылған, оның бірінші кезекті тармақтарын осы жылдың ақпан айынан бастап маусым айына дейінгі кезеңде Қырғызстанның фитосанитариялық қызметі іске асыруға тиіс.

Қырғыз тарапы Қазақстанға картоп, алма және құрма жеткізуге қойылған тыйымды алып тастау туралы өтініш білдірді. Өз кезегінде Қазақстан 2018 жыл мен 2019 жылғы ақпан аралығында анықталған 465 бұзушылықты қырғыздың фитосанитариялық қызметі жойғаны туралы ақпаратты қазақстандық тарап қарағаннан кейін биыл 19 ақпанда уақытша енгізілген фитосанитариялық карантиндік шараларды алып тастауға дайын екенін білдірді.

Мемлекеттік шекараның Қазақстан – Қырғызстан учаскесіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Бұдан өзге, су-энергетика саласындағы ортақ ұстанымдар анықталды. Трансшекаралық су ресурстарын есептеуді автоматтандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу