Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа 13,3 млрд теңге жұмсады

150

Ойындарға сапалы дайындық мақсатында ұлттық командалар 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді.  

Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа 13,3 млрд теңге жұмсады Фото: Спорт және туризм министрлігі

Сондай-ақ, спортшыларымыз 125 халықаралық жарыстарға қатысты. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ойындарға сапалы дайындық мақсатында ұлттық командалар 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ, спортшыларымыз 125 халықаралық жарыстарға қатысты. Қаржыландырудың жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде федерациялар қаражатынан – 585 миллион теңге, республикалық бюджеттен – 5,3 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 6,2 миллиард теңге, Туризм және спорт индустриясын қолдау қорынан – 1,2 миллиард теңге", – деді Ербол Мырзабосынов.

Туризм және спорт министрі қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық командалардың бас бапкерлерінің құрамы анықталғанын айтты. Жаттықтырушылар құрамына әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысу тәжірибесі бар жоғары деңгейдегі мамандар кіреді. 

"Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусь елдерінен мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шорт-трек және биатлон бойынша 13 шетелдік ТОП-деңгейдегі жаттықтырушы-кеңесші спортшыларымыздың сапалы дайындығына жұмылдырылды", – деп атап өтті ол.

Айта кету керек, бұған дейін  Спорт министрі қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу