Қазақстан қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды

742

Қазақстан қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды

Төртжылдықтың басты додасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 57 жолдамаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының Олимпиадаға жеңіп алған жолдамалар саны толығымен анықталды.  Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми түрде хабарлады.

Бүгінде құрама еншісінде 57 жолдама бар. Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул-4, фристайл-акробатика-5, тау шаңғы спорты-2, трамплиннен секіру-1, шаңғы спорты -1.

Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлоншылар кіреді. Олар 1 ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7-ші ақпанда олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.

Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу