Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шаңғышы қыздарымыз 30 шақырымдық масс-стартта өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz
Бірақ, қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады. Қыздарымыз барын салғанымен, жүлделі орынға қол жеткізе алмады.
Анна Шевченко - 31-ші, Валерия Тюленева - 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәреге жетті.
Осылайша, еліміз спортшылары Оңтүстік Корея жеріндегі Олимпиада ойындарын аяқтап отыр. Команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген жалғыз қола жүлде ғана бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу