Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында жер сілкінді

163

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 11:45-те Алматыдан 447 шақырым жерде болған дүмпуді тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында жер сілкінді Фото: canva.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 447 шақырым қашықтықта – Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. 

– Эпицентр координаттары: 41,670° с.е., 82,310° ш.б. Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ, делінген хабарламада.

Дегенмен мамыр айы басталғалы Алматы облысында дүмпулер тіркелгенін айта кетейік.

1 мамыр күні Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу