Қазақстан мен Қытай шекарасы үш күнге жабылады

264

Қытайдың құрылған күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункті үш күнге жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан мен Қытай шекарасы үш күнге жабылады Фото: mail.kz

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", – делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу