Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық шекара өткелдері бес күнге жабылады. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Қытай Халық республикасы мамыр айының алғашқы күндері Көктем мен Еңбек мерекесін тойлайды. Осыған байланысты 1-і мен 5 мамыр аралығында екі ел арасында шекара кесіп өту мүмкін болмайды. Дегенмен, әуе қатынасы тоқтамайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу