Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек жүйесі іске қосылады

Бастапқыда жүйе пилоттық режимде жұмыс істейді.   

Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек жүйесі іске қосылады Фото: gov.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында жазылған. Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің көмегімен іске қосылды. Ол "Достық" өткізу бекетінде (Алашанькоу өткізу бекетіне іргелес) жүзеге асырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдар "Достық" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстаннан шыққан кезде автокөліктердің өтуін ұйымдастырудың уақытша схемасын бекітті.

"23 қарашадан бастап мұнда Qoldau.kz платформасының немесе CargoRuqsat мобильді қосымшасының (IOS немесе Android) автоматтандырылған электронды кезек жүйесі қолданылады. Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу пунктіне өткізу тәртібін қалыптастыру үдерісінің ашықтығын және цифрландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің транзиттік, көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады", – делінген хабарламада.

Жүйені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есептік орталығы" АҚ мамандары әзірлеген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу