Қазақстан-Қытай шекарасында кеден-логистикалық орталығы ашылды

689

Қазақстан-Қытай шекарасында кеден-логистикалық орталығы ашылды

Қазақстан-Қытай шекарасында құны  10 млрд теңге  тұратын "Қалжат" заманауи кеден-логистикалық орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды egemen.kz.

Мамандардың айтуынша  осыған дейін "Қалжат" бекеті арқылы күніне 80 көлік өтсе, енді бұл көрсеткіш шамамен екі есеге дейін артатын  болады. Өйткені бұдан былай орталық жұмысы бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Сонымен қатар "Астана-1" ақпараттық жүйесінің "транзит" модулі де іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен ақпаратты берген сәттен бастап, тауарларды рәсімдеп біткенге дейінгі барлық процесстерге автоматтандырылған бақылау орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу