4 автокөлік портында, оның ішінде "Қорғаста" кедендік ресімдеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.
Ұлттық көші-қон басқармасының болжамы бойынша, портты кезең-кезеңімен қалпына келтіру 8 қаңтарда басталған. Қазірдің өзінде шекарадан шығуға және өтуге өтініштер көбейген.
Айта кетейік, осы күннен бастап Қытай елге келгендердің барлығына ПТР тест тапсыру талабын енгізді. Бұл ретте сынаманы шекарадан өтуге 48 сағат қалғанда тапсыру керек.
Алайда, Қазақстан жағындағы "Қорғас" бекеті әлі жұмысын бастаған жоқ.
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметі тек Қытай тарапынан қайта жанданды. "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық жағы қазақстандық және қытайлық тараптан келушілер үшін жабық. ШЫХО-ның ашылу күні ресми түрде жарияланады", - деп жазылған хабарламада басқарушы компанияның сайтында.
Техникалық мәселелерді шешу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен келісу сынды дайындық жұмыстары басталғаны нақтыланды.
Қытайдың "Чун Цзе" мейрамы (Көктем мейрамы), сондай-ақ Наурыз мерекесін тойлауды ескере отырып, "Қорғастың" ресми ашылу күні кейінірек белгілі болады.