Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері екі күн бойы жұмыс істемейді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1 қаңтардан 2 қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстандағы автомобиль өткізу бекеттеріндегі көліктер мен тауарлар, адамдардың өтпейтін болады", - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу