Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 4 күн жұмыс істемейді

378

Ол күндер 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қантарға  түсіп отыр.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 4 күн жұмыс істемейді Фото: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пункттерінің алдында топталуға жол бермеу мақсатында, тасымалдаушыларды және Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге ниет білдірген өзге де адамдарды ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлау және өткізу пункттеріне брондалған күні келу қажеттігі туралы хабардар етеді.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу "CarGoRuqsat" (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз.

Сондай-ақ, екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаймыз",  - делінген хабараламада.

 Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу