Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көліктер мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген комитет хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу