Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Бақты" өткізу бекеті жөндеуге жабылды

424

Қазақстандықтар сапарын алдын ала жоспарлауы тиіс.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Бақты" өткізу бекеті жөндеуге жабылды Фото: primeminister.kz

Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өтуіне уақытша шектеу қойылды, деп жазады inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытайдың мемлекет басшылары қол қойған визасыз режим туралы келісім негізінде қос тараптың азаматтары үшін 30 күнге (туристік) визасыз режим енгізілді. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өту қарқыны күшейеді деп болжанып отыр.

Бүгінде МКК Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін нақты жабусыз жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде Абай облысындағы "Бақты" өткізу пункті де бар.

Бұл ретте "Бақты" өткізу пунктінде қазіргі уақытта шекарадан өту келісілген уақытша технология бойынша жүзеге асырылады.

Сәйкесінше, реконструкциялау уақытына бақылау барысында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ.

Екі тарап азаматтарының қауіпсіздігі мақсатында 2023 жылғы 10 қарашадан бастап реконструкциялау кезеңінде Абай облысының "Бақты (ҚР) – Покиту (ҚХР)" өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады.

Шығыс Қазақстан облысының "Майқапшағай (ҚР) – Зимунай (ҚХР)", Жетісу облысының "Алакөл (ҚР) – Алашанькоу (ҚХР)", "Нұр жолы (ҚР) – Қорғас (ҚХР)", Алматы облысының "Қалжат (ҚР) – Дулаты (ҚХР)" өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуін ұйымдастыру штаттық режимде жүзеге асырылады.

Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғалардан Қытай Халық Республикасына тек жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шығуды алдын-ала жоспарлауды сұраймыз, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу