Қазақстан-Қытай шекарасындағы карантин шектеулері жазға дейін жалғасады

916

Қазақстан-Қытай шекарасында 8 мыңнан астам жүк көлігі шекарадан өте алмай тұр, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан-Қытай шекарасындағы карантин шектеулері жазға дейін жалғасады

 Оның басым бөлігі жүк пойыздарының вагондары. Ал тас жолда 600-ден астам  жүк көлігі толған тауарымен жолда тұралауға мәжбүр. Ұзын-сонар кептелістің орын алуына Қытай тарапынан санитарлық талаптар бойынша жүргізілетін тексерулер себеп болған. Қазір көлікті дезинфекциялау мен термиялық өңдеу 1,5 сағатқа дейін созылады, ал вагон немесе контейнерлерге 2 сағаттан 6 сағатқа дейін уақыт кетеді. Екі ел шекарасындағы карантиндік шектеулер жазға дейін созылуы мүмкін. Осы ескерсек алдағы уақытта жағдайдың тіпті қиындайтын түрі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу