Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылады

908

Қазақстан мен Қытайдың шекарасында екі автокөлік бақылау бекеттері уақытша жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылады

"Қытай тарапының "Дуань-У" мерекесін атап өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің негізінде2021 жылғы 14 маусымда "Нұр Жолы" және "Достық" автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді,– деп жазылған хабарламада.  

ҚР ҰҚК қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автомобиль ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") жұмыс істейтінін,  жалғасып отырған карантиндік шектеулерге байланысты тек жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатынын еске салады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу