Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткелінің өткізу қабілеті артады

113

Қытай жағындағы Алашанькоу станциясы негізгі қабылдау торабы ретінде қызмет атқарады және Қазақстандық бағытпен тығыз үйлестіріліп жұмыс істейді.

Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткелінің өткізу қабілеті артады Фото: canva

Достық және Алашанькоу теміржол станциялары Қазақстан – Қытай халықаралық көлік дәлізі учаскесінде орналасқан және екі ел арасындағы жүк тасымалы мен транзиттік ағынды қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты стратегиялық нысандар болып табылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Достық станциясы Жоңғар қақпалары аймағында, Ұлы Жібек жолының тарихи бағытында орналасқан және шекаралық жүк тасымалдарын тұрақты ұйымдастыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Достық станциясында инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кең ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. 

Тасымал процестерін үздіксіз қамтамасыз ету және кептелістердің алдын алу мақсатында жаңа қабылдау және жөнелту паркінің құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ қолданыстағы өткізу желілері кеңейтілуде.

Шекаралық өткелдің жұмыс тиімділігін арттыру және жүк қабылдау мен өткізу процестерін жетілдіру аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов станцияның қазіргі жұмысы мен жаңғырту барысымен танысты.

Достық пен Алашанькоу станцияларында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру транзиттік әлеуетті арттыруға және Қазақстанның халықаралық көлік-логистика жүйесіндегі стратегиялық рөлін нығайтуға ықпал етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу