Қазақстан Қытай тарапына дипломатиялық нота жіберді

1096

Қазақстан Қытай тарапына дипломатиялық нота жіберді

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар расталды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін еліміздің сыртқы істер министрлігі Қытай тарапына дипломатиялық нота жіберді. Бұл туралы бүгін министр Қайрат Әбдірахманов тілшілердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Бұған дейін Шыңжаңда қазақтарды күштеп ұстағандығы туралы бейресми ақпараттар тараған еді. Олардың қатарында Қытайдан тарихи отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар көрінеді. Балаларымыз жазықсыз қамауда отыр деген ата-аналар ел үкіметінен көмек те сұраған болатын. 
"Бұл мәселені өзіміздің бақылауымызда ұстап отырмыз. Өйткені, ұсталған азаматтардың туыстары бізге қажетті мәліметтер берді. Ол мәліметтер расталған соң, Қытай тарапына ресми түрде дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық нота жібердік. Толық мәлімет алған соң, оның барлығын бізге өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының туыстарына міндетті түрде береміз. Біз олармен де тығыз байланыстамыз", - деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу