Қазақстан-Қытай тауар айналымы 15,4 млрд долларға жетті

1433

15 жылда Қытай елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған.  

Қазақстан-Қытай тауар айналымы 15,4 млрд долларға жетті

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "Нұрлы жол" және "Бір белдеу – бір жол" бағдарламалары қос мемлекеттің сауда-экономикалық байланысына серпін берген.

"2020 жылы Қытаймен тауар айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті. Қытайға экспорт 9 миллиард доллар, импорт 6,4 миллиард доллар болды. Қытай Қазақстанға инвестиция салған ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді", - деді вице-министр "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығын дамытуға арналған жиында.

Қайрат Төребаев 2005-2020 жылдары аралығында елімізге тартылған Қытай инвестицияның жалпы көлемі 19,2 миллиард доллардан асқанын атап өтті.

"Қытайға тікелей инвестицияның жылыстауы (отток) $ 667,2 миллион доллар болды. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында 24,5 миллиард долларға 56 кәсіпорын салу жоспарланып отыр. Нысандардың құрылысы 2023 жылға қарай аяқталады", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде "Қорғас" ШЫХО-ның Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 миллиард теңгеге 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша 24 компания жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу