Қытайдан алатын қарыздың арқасында елімізге жыл сайын 200 млрд теңгеден астам кіріс келеді. Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Қазақстанға Эксим банктен берілетін 1 млрд 62 млн юань немесе 116 млрд теңге берешек туралы осылай деді.
Бұрын да айтылғандай, жылдық мөлшерлемесі 2 пайызбен ұсынылатын займ еліміздегі 9 кедендік өткізу пунктін жаңғыртуға жұмсалады. Ал одан арлы-берлі өтетін көліктерден қазынаға 200-ден 300 млрд теңгеге дейін салық түседі деп болжануда.
20 жылдық кредит Қазақстан-Қытай арасындағы юаньмен беріліп отырған тұңғыш мемлекеттік қарыз екенін айта кеткен жөн.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу