Қазақстан Қытайдан тағы 300 млн доллар көлемінде несие алады. Екі ел үкіметі арасында жеңілдетілген несие беру туралы шекті келісім жақында мәжіліс қарауына түспек. Оған сай аспан асты елінің экспорт-импорттық банкі елімізге 2 млрд юань көлемінде қаржы бөледі. Ол ЕАЭО-ның Қазақстан аумағындағы кедендік шекарасында орналасқан өткізу пункттерін модернизациялау мен техникалық қамтуға жұмсалмақ.
Несие 2 пайызбен 20 жыл мерзімге беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу