Қазақстан Қытайдан көлік алатын TOP-10 елдің қатарына кірді

259

Бұл ақпаратты Қытай автомобиль қауымдастығы (CPCA) таратты.  

Қазақстан Қытайдан көлік алатын TOP-10 елдің қатарына кірді Фото: ЖИ

Қауымдастық 2025 жылғы көлік экспортының нәтижесін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы 8,32 млн машина экспортталса, соның 3,43 миллионы электромобиль мен гибридті көліктер.

Қытайдан ең көп автомобиль жеткізген елдер:

  • Мексика (625 187);
  • Ресей (582 738);
  • Біріккен Араб Әмірліктері (571 937);
  • Қазақстан (211 545).

Қытай басылымдарының жазуынша, былтырғы көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары. Жаңа энергия көзін (NEV) тұтынатын модельдердің экспорты 70%-ға артқан.

Қазақстан Қытайдан көлік импорттаушы елдердің үздік ондығына енді. CPCA дерегіне сүйенсек, 12 айда елімізге 211 545 машина кірген, оның ішіне дилерлер мен зауыттарға аттанған және жеке импорттаушылар әкелген көліктер түгел кірген сияқты. Себебі техника саны еліміздегі ресми нарықтың көрсеткішіне (234 852) жақын.

Электромобиль мен гибрид импорттаудан Бельгия көш бастап тұр. Бір жылда бұл ел 284 921 техника алған. Екінші орынға Ұлыбритания (231 181) жайғасты, Мексика (221 027) үштікті түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу