"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, бұл өте маңызды оқиға.
"Бұл әзірге тек қана басы. Оның (ред. – қарыз) көлемі – 400 миллион юань. Бірақ мұның маңыздылығы – біз алған юань құны өте жақсы, біздің инвестициялық жобаларға сәйкес құнын құрайды. Қазір Қытай тарапының келісімінен шыға алмаймын, кейбір деректерді ашып айта алмаймын. Бірақ ақыр аяғында оны 7-8 пайыз юаньда 10-15 жылдық жобаларға жібереміз, − деді Рустам Қарағойшин тілшілердің сауалына берген жауабында.
Холдингтің басқарма төрағасы алынған қаражат өсімдік шаруашылығы саласына бағытталғанын айтты.