Қазақстан Қытайдан трактор сатып алады

1765

Қазақстан Қытайдан трактор сатып алады

Қазақстандық "Аллюр" компаниясы қытайлық кәсіпорынмен бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Сол арқылы жылдық қуаты 100 мың дана көлік құрастыруға жеткізіледі. Бөлшектерін де осында жасап шығару жоспарда бар, деп хабарлайды 24.kz.

"Шығыс Қазақстан облысына Қытайдан біраз инвестиция тартылуы мүмкін. Себебі осы аймақта отандық көлік құрастыру саласындағы жетекші кәсіпорындар орналасқан. Оның үстіне Өскемен – "Бір жол, бір белдеу" жобасы аясындағы ең үлкен хабтардың бірі. Келешекте осы өңірде ауылшаруашылық техникаларының бөлшектері де шығарылады деген болжам бар", - дейді ҚСЗИ ғылыми қызметкері Бекжан Садықов.

Көрші ел тракторларын сынақтан өткізіп, қазақ шаруалары үшін тиімділігін тексеру алдағы айларға жоспарланған. Бұл ретте қытайлық "YTO" компаниясымен әріптестік орнатылды.

"Қазір бізге әкелінетін импорттық тракторларды қалай бар, солай қабылдаймыз. Енді осы үрдісті өзгерткіміз келеді. Яғни өндірушінің емес, тұтынушының талабы ескерілуі қажет. Мәселен, Қазақстанда ауылшаруашылық техникасын құрастыратын кәсіпорындар отандық аграрлық сала жұмысының ерекшеліктерін ескереді. Сондықтан Қытайдан сатып алынатын тракторлар да біздің талабымызға толық сәйкес келуі шарт", - дейді Агромашхолдинг KZ АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу