Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚазАтомӨнеркәсіп" құрамына кіретін "Үлбі металлургия зауыты" энергетикалық реакторлар үшін уран оксиді ұнтақтары мен отын таблеткаларының өндірісі бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ құрамында уран бар қиын алынатын материалдарды қайта өңдейді. 2024 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 79 тонна уран өнімі шығарылды, оның ішінде таблетка түрінде – 76 тонна, ұнтақ түріндегі уран диоксиді – 3 тонна. 2021 жылдан бастап "Үлбі-ТВС" зауыты Қытайдың атом электр станциясы үшін жылу бөлетін жинақтарды өндіру бойынша өндірістік қызметін бастады", - деді Сәтқалиев.
Оның дерегінше, 2024 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қытайдың атом электр станцияларына 76 жылу бөлетін жинақтар жеткізілген.