Тоқаев Қазақстан үшін онлайн сауданы дамыту аса маңызды екенін айтты

563

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Тоқаев Қазақстан үшін онлайн сауданы дамыту аса маңызды екенін айтты Фото: akorda.kz

"Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды", деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қытайдың "Alibaba Group", "JD COM" сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор екенін айта кетті.

"Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндік бар. Бұл бағытта Қытайдың көш бастап тұрғаны сөзсіз. Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті. Қытайдың "Alibaba Group", "JD COM" сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды. Кеше JD COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды", деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу