Қазақстан Қытайдың Sinopharm вакцинасының жаңа партиясын алды

1150

Жеткізілген дозалар халықты жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Қытайдың Sinopharm вакцинасының жаңа партиясын алды

29 қаңтарда ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 млн доза партиясы келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін, ҚР ДСМ СЭБК-нің үйлестіруіне сәйкес жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберіледі. Вакцина алдағы күндері халыққа қол жетімді болады.

Ковидке қарсы препаратты Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген. ДДҰ осы жылдың көктемінде мақұлдаған, 45 елде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай.

Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ "суық тізбекті" сақтай отырып жүзеге асырады.

Sinopharm вакцинасының ерекшелігі – оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының 4 млн дозасын, сондай-ақ сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.

Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:

1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;

2. Бірыңғай дистрибьютор хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;

3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;

4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу