Қазақстан Қытайға 50 тонна ядролық отын сатады

855

Бой көтеретін өнеркәсіп жылына 200 тонна ядролық отынды өндіруге қауқарлы. 

Қазақстан Қытайға 50 тонна ядролық отын сатады

Шығыс Қазақстан облысында ядролық отын өндіретін зауытты тұрғызу үшін 49 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл соманың 70 пайызы қарызға алынады.

Бой көтеретін өнеркәсіп жылына 200 тонна ядролық отынды өндіруге қауқарлы. Жоспарға сай, жылу бөлетін құрастырмалар толығымен Қытайдың Атом электр станциясына экспортталады. Әуелі, 2021 жылы аталған өнімнің 50 тоннасы тасымалданбақ.

Есте болса, ядролық отын зауыты Өскеменде 2016 жылдан бастап қытайлық әріптестермен бірге салынуда. Өндіріс ошағы биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Кәсіпорын жобалық қуатқа 2023 жылы шығуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу