Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір – Қасым-Жомарт Тоқаев

3078

ҚР Президенті ҚХР Төрағасына хат жолдады.

Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.  

Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылдап жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу