Қазақстан Қытайға қарсы майдан аумағына айналмауға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

1135

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қытайда тұрып жатқан этникалық қазақтар төңірегіндегі жағдайды ушықтырып отыр.

Қазақстан Қытайға қарсы майдан аумағына айналмауға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Біріншіден, Шыңжаңда Қытай Халық Республикасының азаматтары өмір сүріп жатыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары жариялап жатқан мәліметтердің көбі шындыққа жанаспайды. Қалай болғанда да, осы тақырыптың төңірегінде этникалық қазақтарға қатысты ахуалды әдейі ушықтыру жұмысы жүріп жатыр".  – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында.

"Қытайдың Шыңжаң елдімекенінде ислам дінін ұстанатын ұйғырлар мен қазақтар "саяси тәрбиелеу лагерьлеріне" қамалуда деген ақпарат бойынша Қазақстан Қытай басшылығымен қандай да бір келіссөздер жүргізіп жатыр ма" деген сұраққа Қазақстан Президенті осылай деп жауап берді.

"Біз бұның геосаясаттың бір пұшпағы екенін түсініп отырмыз. Өйткені қазір Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысы жүріп жатыр. Келіссөздердің қалай аяқталады, Қытайға салынған санкция күшін жоя ма жоқ па? Оны уақыт көрсетеді.Бірақ Қазақстан Қытайға қарсы майдан аумағына айналмауы тиіс" – деп басып айтты Қасым-Жомарт Тоқаев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу