Қазақстан Қытайға қосымша 10 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алады. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл аталған елге экспорт 4,5-5 млрд текше метрден асты. Бізде қосымша экспорттық мүмкіндіктер бар. Яғни, құбырың мүмкіндіктері және оны пайдалану туралы айтып отырмыз. Қытайлық серіктестермен бірлескен екі жоба бар. Бұл Кеңқияқ – Атырау және Кеңқияқ – Құмкөл магистральдық газ құбырының екі учаскесін кеңейту, ол батыс облыстардан мұнай жіберуге мүмкіндік береді", - деді Сәтқалиев Алматыда өткен брифингте.
Бұл ретте ол Қазақстан қазір Қытай тарапымен алдын ала жобаларды әзірлеу туралы келісімге келгенін, ендігі мәселе мұнай жеткізудің тиісті көлеміне кепілдік беруде екенін атап өтті.
"Біз министрлік ретінде Қазақстан мұнайын Қытайға қосымша 10 млн тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз ете алатынымызға кепілдік береміз", - деп қосты Энергетика министрлігінің басшысы.