Қазақстан Қытайға күнбағыс майын жеткізуді арттырды

132

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Қытай нарығына күнбағыс майын жеткізушілер арасында екінші орынға ие болған.   

Қазақстан Қытайға күнбағыс майын жеткізуді арттырды Фото: oleoscope.com

Бұл туралы Шанхайдағы Chinese Grains & Oils Congress 2026 халықаралық конференциясында "Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Ядыкар Ибрагимов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қауымдастықтың мәліметінше, қазақстандық май өнімдерінің Қытайға экспорты бір жылда 44%-ға өсіп, 440 мың тоннаға жетсе, түсім 37%-ға немесе 312 млн долларға дейін өскен. 

Қауымдастық басшысы жеткізілімдердің өсімі логистиканың жақсаруының арқасында мүмкін болып отырғанын жасырмады. 2024 жылдың басынан бастап қауымдастық ҚТЖ-мен бірлесіп "Достық – Алашаңқай" шекара өткелі арқылы өсімдік майын ауыстырып тиеу бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр. 

– Осы кезеңнен бастап Қытай бағытындағы жөнелту жоспарының орындалуы 90%-дан асты, ал бұған дейінгі, яғни 2023 жылғы көрсеткіш 40%-дан аспады, – деп атап өтті Я.Ибрагимов. 

Сонымен қатар 2026 жылдың наурыз айында қауымдастық пен ҚТЖ Қытай бағытында түйіршіктелген күнбағыс ұнын астық тасымалдаушы құрамдарда экспорттық жеткізуді келісудің жаңа тетігін пилоттық режимде іске қосты.

Бұл механизм өсімдік майын тасымалдаудың қазірдің өзінде пайдаланылып отырған жүйесіне негізделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу