Қытайға экспортталатын қазақстандық мұнайдың көлемі Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры реверсі аяқталғаннан кейін артады. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігі мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, бұл жоба 2020 жылы аяқталады.
"Мақсат – 2020 жылдың ортасына қарай мұнайды Кеңқияқ- Атырау мұнай құбыры бойынша 6 млн тоннаға дейін реверстік көлемде айдау. Сондай-ақ бұл батыс қазақстандық мұнайды МӨЗ-ге беруге және Қытайға экспорттауға мүмкіндік береді. Мұнай құбыры реверсі жобасының құны 26 млрд теңгеге жуық", – деді министрліктегілер.
Алайда министрлік көрші елге жеткізуді бастамас бұрын Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының өткізу мүмкіндігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ Кеңқияқ-Құмкөл учаскесін де жылына 10 млн тонна мұнайдан 15 млн тоннаға дейін жеткізу керек екенін айтып отыр. Сонымен қатар екі ел шекарасында қара алтынға экспорттық баға үшін тартымды нарықтық жағдай жасау шарт.
Биылғы жылы Қытайға 11 млн тонна мұнай жеткізу жоспарланып отыр. 10 млн тонна ресейлік транзит арқылы 1 млн тонна, қазақстандық шикізат экспорты арқылы жеткізілмек.