Қазақстан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 31 түрін экспорттайды

1336

Қазақстан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 31 түрін экспорттайды

Қазақстаннан Қытайға бидай, соя бұршағы мен бидай кебегі партияларын экспорттау  хаттамасына қол қойылды. ҚХР-ге тасымалданатын өсімдік шаруашылығы өнімдеріне ешқандай шектеу жоқ. Нақты бір тасымалданатын өнім түрлеріне фитосанитарлық талаптарды анықтау үшін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі арнайы жұмыстар жүргізді. Жақын арада жоңышқа мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 31 түрін тасымалдау бойынша хаттама күтілуде деп хабарлайды ortcom.kz

"Бұл келіссөздер Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде іске асырылып жатыр және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаев.

Сонымен қатар, министрлік парсы елдерінің нарығына шығу бойынша жоспарымен бөлісті. Мысалы, биыл тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысынан 18 тонна ет Иранға жөнелтілген. Сонымен қатар, ЕО мемлекеттері мен Жапония елдеріне қымыз өнімдері экспортталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу