Қазақстан Қытайға өсімдік және зығыр майын экспорттайтын болды

1012

Қазақстан  Қытайға өсімдік және зығыр майын экспорттайтын болды

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қытайлық Grand China Business Management LTD. CO. және China SDIC International Trade Co., Ltd өкілдерімен кездестi, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан экспорттайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, соның ішінде өсімдік және зығыр майын экспорттау туралы келісімге қол жеткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы инвестициялық портфельді кеңейту мәселелері қаралды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қытайлық әріптестер Қазақстандағы жобаны жүзеге асыру мәселесін қытайлық талаптар мен жеңілдіктерге сәйкес келетін майлар өндірісі үшін әзірлейді. Сондай-ақ, өзара сауда және инвестиция көлемін ұлғайту мақсатында "ҚазАгро" АҚ мен "Азық-түлік корпорациясы" АҚ қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу