Қазақстан Қытайға соя жеткізуді кеңейтеді

1016

Қазақстан Қытайға соя жеткізуді кеңейтеді

Қазақстан Қытайға соя жеткізуді арттырмақшы. Бұл Қытай үшін ұсынысты әртараптандыруға, ал Қазақстанға осы дақыл түрін себу көлемін арттыруға  мүмкіндік береді, деп жазады "Синьхуа".

Қазақстаннан Қытайға соя экспортына қатысты Фитосанитарлық талаптар бойынша хаттамаға қол қою туралы ҚХР-дың тауар сапасын техникалық және карантиндік бақылау бас мемлекеттік басқармасы мәлім етті, дейді агенттік.

Құжатта Қытайдың қазақстандық сояны тек өңдеу үшін импорттағалы отырғаны көрсетілген.

Агенттіктің мәліметі бойынша, қазіргі таңда  Қытай нарығына АҚШ-та өңдірілген сояның тең жартысы келіп жатыр.  Сондай-ақ импорттың көп бөлігі Бразилия мен Аргентинаға тиесілі.

Қазақстанның соясы әлемнің 5 еліне экспортталады, оның 65%-ы Өзбекстан мен Әзербайжанның үлесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу