Қазақстан Қытайға сүт өнімдерін экспорттай бастайды

2015

Министрлік 17 өнім түрін Қытайға тасымалдауға талаптардың келісілгендігін хабарлады.

Қазақстан Қытайға сүт өнімдерін экспорттай бастайды

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚХР-дің бас кеден басқармасының министрі Ни Юэфен ауылшаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттай бастау туралы бірқатар құжатқа қол қойды.  

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Президен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары аясында Сапархан Омаров пен Ни Юэфен сүт өнімдерінің экспортына, жүн экспортына қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптарға және зығырға фитосанитарлық талаптарға қатысты хаттамаларға қол қойған.

 "Бұл аталған өнім түрлерін биыл экспорттай бастауға мүмкіндік береді. Біздің өнімдер сапасының жоғарылылығы, экологиялық таза, табиғи болғандығы үшін Қытайда жақсы бағаланады",– делінген хабарламада.

Министрлік, сондай-ақ, Қазақстанның 17 тауар түрін тасымалдауға талаптардың келісілгендігін хабарлады.

Жыл аяғанында Қытайға шошқа еті мен жем экспорттауға келісімді аяқтау және хаттамаға қойылу күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу