Қазақстан Қытайға табиғи газ экспорттамақшы

1073

Қазақстан Қытайға табиғи газ экспорттамақшы

Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен CNPC Корпорациясы басшылары кездесті. Кездесу барысында екі елдің басты мұнай-газ компанияларының қазақстандық газды экспорттау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.
Тараптар 2017-2018 ж.ж. кезеңінде Қазақстаннан Қытайға табиғи газ жеткізудің мүмкіндігін талқылап, 5 миллиард текшеметрге дейінгі көлемде  қазақстандық газды экспортқа сату шартына қол қоюға келісті. Мұнай-газ компанияларының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат өнімді жеткізу көлемдерін, бағасын және сапасын, сондай-ақ қытай тарапының газды қабылдап алу орны – "Қорғас" шекара пункті деп айқындалды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының Төрағасы  Сауат Мыңбаев Астанада қол қойылған меморандум, Қазақстан мен Қытайдың екіжақты өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мықты негіз деп атап өтті.

Кездесуде аталып өтілгендей, қазақстандық газды Қытайға жеткізу екіжақты өзара тиімді қарым-қатынасқа, сондай-ақ Еуразия елдері арасында инфрақұрылым құруға және сауда, көліктік байланыстарды жолға қоюға бағытталған "бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде ынтымақтастық қарым-қатынастарын бірлесіп қамтамасыз етуге  және ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу