Қазақстан Қытайға уран сатуды 15 пайызға азайтты

596

 Қазақстан Қытайға уран сатуды 15 пайызға азайтты

Еліміз Қытайға табиғи уран жеткізуді 15 пайызға азайтты. Енді шикізат тасымалдау орта және ұзақ мерзімдік келісім-шартқа байланысты жүзеге асатын болады. Энергетика министрлігі таратқан ақпараттарға сай биылғы жылдың соңына дейін Қытайға 9 тонна уран жеткізу жоспарланып отыр. Ал, көмір өндірісіне келсек, соңғы 4 айдағы көрсеткіш 35,7 млн тоннаға жеткен. Бұл былтырғы жылдан 19,6 пайызға жоғары. Дегенмен Kazenergy қауымдастығының директоры Болат Ақшолақов өткен жылы Ресейге көмір жіберуді азайтамыз деген болатын. Бүгінгі күнге дейін 21 млн тонна көмір Ресейге жеткізілген. Сондай-ақ соңғы 4 айдағы газ өндірісі 10,5 млрд текше метрді құраған. Ақпараттарға сай 4 айда 5,5 млрд текше метр газ эксортталған. Жалпы өткен жылы экспортқа шығарылған газ 13,7 млрд текше метрді құраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу