Қазақстан Қытайға жем жеткізуді бастамақ

852

Құрама жемге қойылатын фитосанитарлық талаптар бойынша хаттамаға қол қойылды. 

Қазақстан Қытайға жем жеткізуді бастамақ

Бүгін Пекинде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы министрінің орынбасары Ван Линцзюнь құрама жемге қойылатын фитосанитарлық талаптар бойынша Хаттамаға қол қойды.

"Биогрейн" құрама жем зауытының инспекциясы биылғы жылдың шілде айында жүргізілген болатын. Инспекция барысында құрама жемге қойылатын негізгі талаптар талқыланған.

Айта кету керек, аталмыш инвестициялық жоба толық шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу