Қазақстан-Қытай 50 басым жобаға салынатын инвестиция ондаған миллиард доллар болмақ

723

Қазақстан-Қытай 50 басым жобаға салынатын инвестиция ондаған миллиард доллар болмақ

Сергей Зелепухин. Қытайдың Қазақстандағы басымдықты индустриялық жобаларына салынатын инвестиция көлемі 26 миллиард доллардан асады, деп мәлімдеді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы бас консулы Чжан Вей. Бұл турасында ҚазТАГ хабарлады. 
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси өзара сенім "үздіксіз тереңдей түсті", ал екі елдің стратегиялық әріптестігінің мазмұны "күні мен күні толықтырылып отыр".
"Екі тарап та энергетика, инфрақұрылым, машина жасау, өндіріс және химия өнеркәсібіндегі ауқымды жобалар бойынша өзара тығыз байланыс орнатып жатыр. Индустриаландыру саласындағы жалпы құны 26 млрд. АҚШ долларынан асатын 50 басымды жобалардың тізбесі әзірленді", - деді Ч. Вэй "Қазақстан мен Қытайдың ұлттық валюталарындағы есептеулер: ағымдағы мәртебесі, үрдістері мен келешегі" атты халықаралық конференцияда. 
Оның пікірінше, капиталды тарту қажеттілігінің өсуіне байланысты қаржыландыру мәселесі аса өзекті болып отыр.
"Қытай мен Қазақстан валюталық, трансшекаралық есептесулерде, сондай-ақ инвестиция мен қаржыландыру саласында жаңа идеяларды және жаңа жолдарды шұғыл түрде дамыту керек", - дейді Вэй.
"Қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде қытай валютасы еркін айналыста. Малайзияда, Оңтүстік Корея, Камбоджа және басқа да елдерде юань сол елдердің алтын-валюта қорының бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, көптеген елдер "қытай валютасын сақтауға, олардың капитал нарыған кеңейтуге және одан да көп ақшасын қытайлық валютада сайқтауға дайындығын білдірді, - деп Чарльз Вэй сендірді.
Әлемдегі юаннің маңыздылығын арттырудың көрсеткіші, оның пікірінше, 2016 жылдың қазанында ХВҚ негізгі халықаралық резерв валюталарының қоржынына қытай валютасын енгізу болды.
"Бұл юаньның қарапайым валютадан есептік және резервтік деңгейге дейін көтеріліп, халықаралықтануын тездетуін білдіреді", - деп санайды Чей Вэй.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу