Қазақстан Қытаймен 2020 жылға арналған жүк тасымалы көлемін келісті

731

ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктерінің өкілдері 2020 жылы жүк тасымалының болжанған көлемін 19 млн тонна жүк мөлшерінде бекітті. 

Қазақстан Қытаймен 2020 жылға арналған жүк тасымалы көлемін келісті

2020 жылға арналған жүк тасымалы көлемін орындау жөніндегі іс-шаралар "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Үрімші темір жолдары" ЖШҚ делегацияларының Алтынкөл және Қорғас станцияларында өткен жұмыс кеңесінде қаралды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалды өсіру, шекаралық станциялар арқылы пойыздарды кедергісіз және жеделдетіп өткізуді қамтамасыз етуде нақты шараларды қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  

Тараптар биылғы жылы ақпанның ортасынан бастап Багам металургия комбинаты адресіне Үрімші станциясына вагондар қос дөңгелектерін кең жолақтан тар жолаққа алмастыру арқылы темір рудасын тәжірибелік тасымалдауды сынап көруге келісті. Ары қарай теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемін арттыру мақсатында тұрақты негізде осындай тасымалдарды жүзеге асыру көзделген.

Бұдан басқа, тараптар 2020 жылға арналған Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы контейнерлік және жүк пойыздарының қозғалысы кестесімен келісті. 

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу